Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетовтің айтуынша, 2025 жылы су тасқыны кезеңі алдында "Қазгидромет" РМК дерегіне сәйкес жалпы ағын 14-20 млрд м3 шамасында болжанды. Осыған орай тасқын суды қабылдау және қауіпсіз босату мақсатында алдын ала су қоймаларда қажетті бос көлемдер қамтамасыз етілді. Су тасу кезеңінде нақты ағын көлемі 16,7 млрд текше метрді құрап, су қоймаларында биылғы жылғы вегетацияға қажет су көлемі жиналды. Бұдан басқа, су тасқыны кезеңінде ағын суларды модельдеу және су басу қаупін бағалау мақсатында орталық, солтүстік және батыс өңірдегі өзендердің басым учаскелерінде өзендердің жайылма бөлігіне батиметриялық түсірілім жүргізілді, олардың нәтижелері "Тасқын" АЖ жүйесіне енгізілді, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.
Жалпы, 2025 жылғы су тасқыны кезеңі алдын ала дайындықтың, су қоймаларының бос сыйымдылығының ұлғаюының және инфрақұрылымды жаңғыртудың арқасында тұрақты өтті", — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, әкімдіктермен бірлесіп, елді мекендерге жақын өзендердің су тасқыны қаупі бар учаскелерін санациялау жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған Жол карта қабылданды. Атап айтқанда, 10 облыста 51 өзен учаскесі мен 1 көлде санация жасау қажеттілігі белгіленді, онда бірінші кезекте жалпы ұзындығы 814,06 км өзендерді санациялау қарастырылған.