2025 жылғы 8 желтоқсанда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі қазақстандықтардың аты-жөнін өзгертуге қатысты қызықты статистика ұсынды. Ведомство Қазақстанда тегін, есімі немесе әкенің атын (ТӘЖ) ең жиі өзгертетін өңірлердің топ-5-ін жариялады.


Мамандардың дерегінше, 2025 жылдың үшінші тоқсанында 14 мыңнан астам азамат өз тегін, есімін немесе әкесінің атына өзгеріс енгізген.

Ең көп өтініш қабылданған өңірлер тізімі төмендегідей:

  • Алматы – 2981 адам
  • Астана – 2459 адам
  • Қарағанды облысы – 849 адам
  • Ақтөбе облысы – 741 адам
  • Шығыс Қазақстан облысы – 673 адам

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ХҚКО • ЦОН • Госуслуги (@gov4c.kz)

Бұған дейін мамандар қазақстандықтардың басты құжаты – туу туралы куәлікте қате кеткен жағдайда не істеу керектігі туралы түсіндірген болатын.