ТЖМ қатты суыққа байланысты өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қазгидрометтің" мәліметінше, алдағы күндері ел аумағында температураның күрт төмендеуі күтіліп отыр. Осыған байланысты Қазақстан ТЖМ азаматтарды тұрғын үй-жайларды жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады", — делінген хабраламада.
Қауіпсіздік шаралары:
- пешті жылытудың, электр және газ жылытқыштарының жарамдылығын тексеру;
- тек жарамды құрылғыларды қолдану;
- жабдықтың қызып кетуіне жол бермеу және қосылған аспаптарды қараусыз қалдырмау;
- жанғыш материалдарға дейінгі қауіпсіз қашықтықты сақтау;
- қолдан жасалған немесе ақауы бар жылытқыштарды пайдаланудан бас тарту;
- мұржалардың жарамдылығын қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда оларды тазалау.
ТЖМ жылыту аспаптарын дұрыс пайдалану өрттің алдын алудың және суық мезгілде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылатынын еске салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз