Биылғы жылдың 3-тоқсанында елімізде фамилиясын, есімін немесе әкесінің атын өзгерту бойынша 14 мың жағдай тіркелген екен. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.


Аталған құжаттық өзгертуге қай өңір көбірек жүгінгені белгілі болды.

- Алматы – шамамен 3 мың адам.

- Астана – 2,4 мыңнан астам адам.

- Қарағанды облысы – 849 тұрғын.

- Ақтөбе облысы – 741 тұрғын.

- Шығыс Қазақстан облысы – 673 тұрғын.

Айта кетейік, аты-жөнін өзгерту қызметіне барлық өңірде тұрақты сұраныс бар.