АҚШ шетелдік азаматтардың кезекті тобын депортациялады. Олардың қатарында Иранның 50-ге жуық азаматы мен бірқатар араб мемлекетінің тұрғындары бар. Бұл туралы Нью-Йорк Таймс басылымы мәлімдеді.
Депортацияланған азаматтар Аризона штатында ұсталып, арнайы рейспен туған жерлеріне жеткізілді. Еске салайық, қыркүйек айында АҚШ 100 ирандықты отанына қайтарған. Олардың арасында қылмыскерлер мен шекараны заңсыз асқандар да болған. Жалпы осы елдің екі мыңдай азаматын кері қайтару көзделіп отыр. Бұл шара Ақ үй басшысының ауқымды миграциялық саясатының бір бөлігі саналады.