«Қазақстан темір жолы» компаниясы жаңа жылдық мереке қарсаңында жолаушыларға 53 мыңнан астам қосымша орын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жаңа жыл маусымында жолаушылар ағыны айтарлықтай өсетінін ескере отырып, Ұлттық тасымалдаушы сұранысты толық қанағаттандыру мақсатында қосымша пойыздарды іске қосады», деп жазылған хабарламада.
Қосымша пойыздар келесі бағыттарда қатынайды:
• №201/202 «Алматы-2 – Астана-1»
Алматыдан жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 22, 24, 26, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 2, 4 қаңтар.
Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 21, 23, 25, 27, 29, 31 желтоқсан және 2026 жылғы 3, 5 қаңтар.
• №203/204 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»
Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2026 жылғы 2 қаңтар.
Шымкенттен жөнелтілуі: 2025 жылғы 22, 25, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 4 қаңтар.
• №257/258 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»
Ақтөбеден жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2026 жылғы 2 қаңтар.
Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 22, 24, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 4 қаңтар.
Пойыз құрамында стандартты купе және плацкарт вагондары бар. Сонымен қатар, сұранысы жоғары бағыттарда пойыз құрамдарына 584 қосымша вагон тіркеледі. Осы арқылы жолаушыларға 30 мыңнан астам қосымша орын қолжетімді болады.
Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан сатып алуға болады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға жаңа жыл қарсаңындағы билеттердің тез сатылып кететінін ескеріп, сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді ертерек алуға кеңес береді.
Егер сатып алу сәтінде бос орындар болмаса, жолаушылар «Күту парағы» қызметің тегін пайдалана алады. Бұл сервис орын босаған жағдайда автоматты түрде хабарлап, билетті рәсімдеуге мүмкіндік береді. Хабарлама жолаушының жеке кабинеті немесе SMS арқылы жіберіледі. Қызмет сайтта және билет кассаларында қолжетімді. Оны пойыз жөнелтілуіне 7 күнге дейін және 2 сағаттан кеш емес уақытта рәсімдеуге болады.