Тағы үш жолаушы түрлі дене жарақаттарын алды.
Алматы облысында Алматы – Көктал – Шонжы тасжолында болған жол-көлік оқиғасынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, Audi A6 жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол жерде ол Nissan Cefiro автокөлігімен соқтығысқан. Қатты соққы екі көліктің де алдыңғы бөлігін жаншып, екі жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы үш жолаушы түрлі деңгейдегі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.
Оқи отырыңыз: Той үстінде бұрынғы келінін соққыға жыққан қайын ата сотталды
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның барысы департамент басшылығының бақылауына алынған.