Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.
Биылғы 10 айда көлік қызметтерінің көлемі 20,7%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол бүгінгі таңда көлік саласы экономиканың өсу драйверлерінің біріне айналғанын атап өтті. Осы жылдың 10 айында негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Көлік қызметтерінің көлемі 20,7%-ға өсті.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 18,4%-ға артты.
"Ал транзиттік жүктердің көлемі 29,4 млн тоннаға жетті, оның өсу деңгейі 5%-ды құрайды", – деді Нұрлан Сауранбаев.