Әуе кемелері паркі де кеңейіп келеді.


Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Астана мен Бурабай арасында әуе рейсінің ашылу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ақмола облысы туралы айтар болсақ, мұндай мәлімдеме баспасөзден көрдім. Бұл Астана мен Бурабай арасында қатынайтын чартерлік рейстерге қатысты. Яғни жолаушылардың тез әрі жайлы жетуі үшін шағын әуе кемелері ұшуы мүмкін. Жалпы, мұндай мүмкіндік бар. Институционалдық тұрғыдан ешқандай кедергі жоқ. Әуе кемелері паркі де кеңейіп келеді. Осындай бағыттардың ашылуы әбден мүмкін деп ойлаймын", – деді Талғат Ластаев Үкіметтегі брифинг барысында.

Айта кету керек, бұған дейін құзырлы орган Астана мен Бурабай арасында әуе рейсі ашылуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берген болатын.