ШҚО-да халық саны өте аз үш елді мекен әкімшілік картадан алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ YK-news.kz порталына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, облыстық мәслихат 9 желтоқсандағы отырыста Глубокое, Қатонқарағай аудандарындағы және Үлкен Нарын ауданындағы халық саны аз үш ауылды тарату туралы шешімді бекітті.
Порталдың мәліметінше, Глубокое ауданында Өскеменнен 120 шақырымда орналасқан, соңғы жылдары 50-ден аз адам тұрған Қарагужиха ауылы таратылып, Малоубинка ауылына қосылды.
Қатонқарағай ауданында Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шұбарағаш ауылы жойылды. Бұл елді мекен 2013 жылы көшкін салдарынан зардап шеккен. Аталған елді мекен Жамбыл ауылына қосылды.
Үлкен Нарын ауданында Құндызды ауылы (1999 жылға дейінгі атауы – Парамоновка) жойылды. Елді мекен басқа елді мекен мәртебесімен Ново-Хайрузовкаға кіреді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз