Олардың қатарында паспорт, жеке куәлік және жүргізуші куәлігі бар.


Бағаның көтерілуі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұны айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге артуымен байланыстыруға әбден болады.

Еске салайық, АЕК-тің жаңа мәні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда" бекітілген. АЕК өссе, мемлекеттік баж мөлшерлері де көбейеді.

Мысалы, Қазақстанда паспорт пен жеке куәлікті онлайн беру қызметі іске қосылады.
16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттік паспорт – 17 300 теңге (4 АЕК). Ол 2025 жылы – 15 728 теңге.

36 беттік стандартты паспорт – 34 600 теңге (8 АЕК). (2025 жылы – 31 456 теңге)
Жеке куәлік – 865 теңге (0,2 АЕК). 2025 жылы ол 786 теңге болды.

Жеке куәлікті жыл ішінде екі реттен көп жоғалтқанда рәсімдеу – 1 АЕК (4 325 теңге).
Жүргізуші куәлігін алу – 5 406 теңге (1,25 АЕК).

Туу туралы куәлік бұрынғыдай тегін беріледі. Бірақ қайта рәсімдеу – 0,5 АЕК (2 163 теңге).

Айта кетсек, 2026 жылы неке қию туралы куәліктің құны да 1 АЕК немесе 4 325 теңгеге тең. Десе де, ажырасуға өтініш беру екі есе қымбатқа түспек. Яғни, 2 АЕК немесе 8 650 теңге.
Солай бола тұра, кейбір қазақстандықтарға құжаттарды тегін рәсімдеуге болады. Олар: мемлекеттік баждан босатылатындар, ел қаһармандары мен жоғары мемлекеттік наградалар иегерлері, құрметті атағы бар көпбалалы аналар, ардагерлер және соғысқа қатысушылар, ерекше қажеттілі бар азаматтар мен сондай балалардың ата-аналары, әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, жетім балалар және мемлекет қамқорлығындағы балалар және Чернобыль апатынан зардап шеккендер.