Елордада ауа райының бұзылуына орай 0-9 сынып оқушыларын қашықтан оқыту форматына ауыстырды. Бұл туралы білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Астана қаласы білім басқармасының өкілдері 10 желтоқсан күні бірінші ауысымның оқушылары қалай оқитынын хабарлады.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", — делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанайда оқушылар 8 желтоқсаннан бастап дәстүрлі оқыту форматына оралған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз