9 желтоқсанда Астанада ауа райының бұзылуына байланысты дизельдік және қоғамдық көліктердің барлық бағыттағы қозғалысына шектеу енгізілді. Елордада ауа температурасы –30 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, аталған шектеулер 9 желтоқсан сағат 20:00-ден бастап енгізілді. Ведомство өкілдері тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Мамандардың айтуынша, боран мен екпіні күшті жел көріну деңгейін төмендетіп, жолдар тайғақ болуы мүмкін.

"Жеке көлікпен жолға шықпаңыз. Егер қажет болса, қоғамдық көлікті пайдаланыңыз және маршрутыңызды алдын ала жоспарлаңыз. Көшеде абай болыңыз. Боран мен жел көруді қиындатуы мүмкін, жолдар тайғақ болады. Жылы киім, тайғақтан қорғайтын аяқ киім киіңіз. Жылыту жүйесін тексеріңіз. Үйіңізде жылыту дұрыс жұмыс істейтініне және отын жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз. Көшеде ұзақ тұрмаңыз. Аяз бен жел үсік шалуға себеп болуы мүмкін", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз