Астанада өткен Чемпиондар лигасының кезекті матчында алматылық "Қайрат" грекиялық "Олимпиакосқа" 0:1 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.


Шешуші сәт екінші таймда тіркелді. 73-минутта Мехди Тареми жасаған пасын дәл аяқтаған Желсон Мартинш матчтағы жалғыз голдың авторы атанды. Ал алғашқы тайм тең тартыста өтіп, есеп ашылмады.

Екі кездесудің нәтижесі бойынша жалпы есеп те 1:0 болып, грек командасының пайдасына шешілді.

Бұл жеңіс "Олимпиакосқа" өз қоржынындағы ұпай санын 5-ке жеткізуге мүмкіндік берді. Команда турнирлік кестеде 26-орынға көтеріліп, плей-оффқа шығу үмітін сақтап қалды. Ал "Қайрат" бір ғана ұпаймен 35-орында. Клуб бес рет ұтылып, бір рет тең түскен.

"Қайрат" енді келесі ойынын 2026 жылғы 20 қаңтарда өз алаңында Бельгияның "Брюгге" командасына қарсы өткізеді. Сол күні "Олимпиакос" Грекияда Германияның "Байерімен" кездеседі.