10 желтоқсанда Астана қаласының Байқоңыр ауданында, Ақсүмбе тұйық көшесінде орналасқан бір қабатты жиһаз цехында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Көршілес бокстан құтқарушылар 2 автокөлікті эвакуациялап, олардың зақымдануына жол бермеді.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында өрт дер кезінде оқшауланып, толық сөндірілді. Жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді.