Павлодар облысының аумағында биылғы жылдың 11 айында тұрақты тұруға рұқсаты бар 1 280 және уақытша тұруға рұқсаты бар 9 136 шетелдік тіркелді.


Виза алу немесе уақытша әрі тұрақты тұруға рұқсат беру кезінде жауапты қызметкерлер Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің болу заңдылығын тексереді.

Көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда дереу тиісті шаралар қабылданатыны хабарланды. Осы кезеңде шетелдіктерге қатысты түрлі құқық бұзушылықтар бойынша 2 001 әкімшілік материал толтырылды.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен 183 шетелдік Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.

Сонымен қатар биыл полицейлер 180 алимент төлемеген борышкерді анықтады. Облыс тұрғындарының 121 758-і жеке куәлік пен паспорттарымен рәсімделді.

Жыл басынан бері шетелдіктерге 1 293 виза берілген. Павлодар облысының полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан Республикасының миграциялық заңнамасын сақтауға шақырады.