Америкалық актёр, "Оскар" сыйлығының иегері Леонардо Ди Каприо Time журналының нұсқасы бойынша "жыл әртісі" ретінде танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Time журналы Ди Каприоны "жыл әртісі" деп атап, оның ұзақ жылдар бойғы табысты шығармашылығын және Пол Томас Андерсонның "Битва за битвой" фильміндегі басты рөлін жоғары бағалаған.
Time басылымының кинокритигі Стефани Захаректің айтуынша, Ди Каприо "көп актёр армандайтындай мансап құрған". Ол актёрлік жолын 15 жасында, Джеймс Диннен шабыт алып бастаған. 1993 жылы Роберт Де Ниромен бірге "Жизнь этого парня" драмасында ойнады. Кейінірек Disney студиясының тиімді келісімінен бас тартып, "Что гложет Гилберта Грейпа" атты тәуелсіз драмаға түсуге бел буып, айтарлықтай танымалдылыққа ие болған.
2016 жылы актёр "Выживший" фильміндегі рөлі үшін "Оскар" жүлдесін жеңіп алды.
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің БҰҰ-ның дүниежүзілік ізгілік елшісі болып тағайындалғанын жазғанбыз.