Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігі Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында дәстүрлі түрде өткізілетін қайырымдылық жәрмеңкесі түрлі елдердің дипломатиялық миссиялары мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін жинады. Қатысушылар өз елдерінің бай мәдени мұрасын көрсететін ұлттық стендтерді ұсынды.
Қазақстан Республикасының стендінде жәрмеңкеге келген қонақтарға ұлттық тағамдардың, қолөнер бұйымдарының, ұлттық киімдердің кең ассортименті ұсынылды. Стенд дипломаттар мен тәжік астанасы тұрғындарының үлкен қызығушылығын тудырып, қазақ халқының ерекше мәдениеті мен қонақжайлылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Мәдени бағдарламаның ерекшелігі "Қара жорға" қазақтың халық биі болды. Ұлттық киімде орындалған биге жиналғандар шапалақ ұрып, жәрмеңкенің есте қаларлық сәтіне айналды.
Ұсынылған өнімдерді сатудан түскен барлық қаражат мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында арнайы қорға аударылды.
Бұл бастамаға қатысу Қазақстан Елшілігінің гуманизм қағидаттарына адалдығын көрсетіп, Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту мен ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам екендігін айқындады.