Үстел теннисінен қазақстандық төреші Тимур Ходжаев 2026 жылғы Азия ойындарында төрелік етеді, деп хабарлайды olympic.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жазғы Азия ойындары 2026 жылғы 19 қыркүйк пен 4 қазан аралығында Жапонияда өтеді.
Үстел теннисінен төрешілер құрамына халықаралық санаттағы қазақстандық маман Тимур Ходжаев кірген.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық төреші Азия чемпионаты мен басқа да ірі халықаралық жарыстарда қызмет атқарған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз