Іздестіру ісі 9 желтоқсан күні Жетісу облысында тіркелген.


Ішкі істер министрлігі Германияда кісі қолынан қайтыс болған Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцов пен оның анасы Наталья Донцоваға іздеу салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында 29 жастағы Александр Донцов Қазақстан азаматы, 51 жастағы Наталья Донцова ТМД-ға мүше мемлекеттің азаматы деп көрсетілген.