Бөлімдер
Жаңалықтар

Астанада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі

Астана мектептерінде бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қақаған аязға байланысты 11 желтоқсанда қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы елорданың білім басқармасы 10 желтоқсанда хабарлады:

“2025 жылғы 11 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады”.

Бұған дейін синоптиктер қатты аяз болатын өңірлерді атаған болатын.