"Электрондық үкімет" порталы арқылы "еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу" Мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны жүргізу туралы ЖИ және цифрлық даму министрлігі мен Еңбек министрлігінің бірлескен бұйрығы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету алгоритмі бекітілді.
Көрсетілетін қызметті алушы "Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу" мемлекеттік қызметін (көрсетілетін қызмет) алуға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның консультация секторының қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға ЭҮП арқылы көрсетілетін қызметті алу тәртібін түсіндіреді және қажет болған жағдайда, оны ЭҮП-те мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жібереді.
Мемлекеттік корпорацияның өзіне-өзі қызмет көрсету секторының консультанты көрсетілетін қызметті алушыға ЭҮП-те мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы консультация береді.
Көрсетілетін қызметті алушы электрондық өтініштің қажетті өрістерін толтырады, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттарды сканерлейді, оларды электрондық өтінішке тіркейді, содан кейін өзінің ЭЦҚ-мен қол қояды.
Қызмет алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның өзіне-өзі қызмет көрсету секторының консультанты көрсетілетін қызметті алушыға ЭҮП арқылы ЭЦҚ алу тәртібі туралы консультация береді.
Егер техникалық ақаулар немесе басқа да себептерге байланысты мемлекеттік қызметке электрондық өтінішті ЭҮП арқылы тапсыру мүмкін емес болса, қызмет алушы құжаттарды қағаз нысанында тапсыру үшін операциялық залға электрондық кезек алу билетін алу мақсатында Мемлекеттік корпорацияның консультация секторына жүгінеді.
Мемлекеттік корпорацияның операциялық зал маманы құжаттарды мемлекеттік қызмет көрсету үшін Қағидалар талаптарына сәйкес қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті берушілер мен "Ұлтық ақпараттық технологиялар" АҚ өздеріне тиесілі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінде дербес деректердің, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің сақтау қауіпсіздігін және қорғалуын, сондай-ақ олардың көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтердің уақытылы көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Бұйрық 2025 жылғы 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 31 мамырға дейін қолданылады.