Каспийде шомылуға арналған қауіпсіз орындар көбейді, деп хабарлайды 24kz.
Бұған дейін Маңғыстауда теңізге түсуге арналған 41 жағажай белгіленсе, қазір 45-ке жетті.
Жері құмдақ, суы тайыз демалыс орындары Ақтауға жақын орналасқан. Аймақта шомылу маусымына дайындық жүріп жатыр. Суға түсуге рұқсат берілген жерлер абаттандырылып, ескерту тақтасы қойылды. Барлығында да құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істейді. Айта кетсек, Маңғыстауда теңізге шомылу маусымы 1 маусымнан бастап 31 тамызға дейін жалғасады. Төтенше жағдай мамандарының мәліметінше, өткен жылы 14 адам теңізге батып кеткен. Үшеуі кәмелетке толмаған бала.
Бектас Мұратов, ТЖД басқарма бастығының міндетін атқарушы:
- Суға түсуге тыйым салынған орындар бойынша тоқталып кететін болсақ: 4а-шағын аудандағы «Каспиан Ривьера» қонақүйінен бастап, 5-шағын аудандағы Тарас Шевченко ескерткішінен төмен түсу бағытындағы жағалау аймағы. Екіншісі, бұл «Маэк» ЖШС-нің жағалау аймағының каналы және Шора су каналы. Жұмыс күндері 7 мобильді бекет, ал мереке, демалыс күндері 26 мобильді бекет кезекшілік атқаруда. Ағымдағы жылы суға бату деректері орын алған жоқ.