Бір адам зардап шекті.


Алматыда автобус аялдамалардың бірінде тұрған троллейбусқа соғылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жол апаты 11 желтоқсан күні сағат 11:50-де Достық даңғылында болған.

"65 бағыттағы автобус жүргізушісі Достық даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып, аялдамада тұрған троллейбусқа соғылған", – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

Жол-оқиғасы салдарынан автобустың бір жолаушысы, 1966 жылы туған әйел зардап шеккен.

Оқиға орнынан түсірілген бейнажазба әлеуметтік желіде тарады. Суреттен автобустың алдыңғы бөлігіне қатты зақым келгенін, ал троллейбустың артқы терезесі сынғанын көруге болады.