Алматы-2 теміржол вокзалында болған жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркеген.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды". Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі