Еліміздің солтүстік-батысында орналасқан бұл өлке білім мен ғылымның ордасы саналады. Ұлттың ірі мәдени орталығы деген атау да осы өңірге тиесілі. Расында Әйтеке би мен Әбілқайырдай, Қазанғаптай күйші мен Қобыландыдай батырды тудырған мекенде тарихи жәдігерлер жетерлік. Сондай тарих бедерінде сақталған тұлғаларды дәріптеу, оларды ел есінде сақтау үшін орнатылған ескерткіштердің бүгінде хал-ахуалы қалай? Күтіп баптау ісі қалай жүзеге асуда? Бүгінгі жобада бағамдаймыз.