Ақордада Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкианды қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Масуд Пезешкиан Қазақстанға ресми сапармен келді.

Ақорданың мәліметінше, сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз