Бұл Қазақстан арқылы орындалатын транзитке қатысты емес


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан отандық өндірушілерді қолдау үшін жұмыртқаны елге алып кіруге салынған тыйымды бір айға ұзартты, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.

Жаңа мерзім Еуразиялық экономикалық одақты қоса алғанда, басқа елдерден барлық көлік түрімен алып кіруге қатысты. Бұл Қазақстан арқылы орындалатын транзитке қатысты емес.

Қазақстан сәуірде тауық жұмыртқасын ел аумағына алып кіруге алты айға тыйым салған болатын.