Олимпиада лицензияларын жеңіп алған спортшылар 2025 жылғы 9 қазан мен 30 қараша аралығында өткен шорт-тректен Әлемдік тур қорытындылары бойынша анықталды. Сол нәтижелер бойынша Қазақстан құрамасы 9 лицензияға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Ұлттық құрама бапкерлер штабы мен бас бапкер Пётр Гамидовтың шешімімен 2026 жылғы қысқы Олимпиадада ел намысын қорғауға Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова және Яна Хан қатысады.
Лицензиялардың бөлінісі келесідей:
- 2000 м (микст) – 1 лицензия
Ерлер:
- 500 м – 2 лицензия
- 1000 м – 1 лицензия
Әйелдер:
- 500 м – 2 лицензия
- 1000 м – 1 лицензия
- 1500 м – 2 лицензия
Сонымен қатар, мәнерлеп сырғанаушылар Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында олимпиадалық нормативті орындап, екі лицензияны жеңіп алған болатын. Осылайша, Қазақстан құрамасының Олимпиадаға қатысатын спортшыларының саны 6 адамға жетіп, ел қоржынына барлығы 11 лицензия түсті.
Айта кетейік, Олимпиада жолдамаларының нақты саны 2026 жылғы қаңтар айының соңында анықталады. XXV қысқы Олимпиада 2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Бәйгеге 93 елден 3 500-ден астам спортшы қатысады.