Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіретінін мәлімдеді, — деп хаб
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіретінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Бүгін Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты.
Президент БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ауқымды диалогты бастауы, ірі державалардың саяси ерік-жігер көрсетуі өте маңызды деп санайды. Мемлекет басшысы еліміз Түрікменстан Президентінің БҰҰ бейбітшілік және бейтараптық университетін ашу жөніндегі бүгінгі ұсынысын қолдайтынын айтты.