Алматыда "Радужный берег" тұрғын үй кешенінің 12 қабаттағы балконынан 23 жастағы бойжеткен секіріп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға 12 желтоқсанда таңертең болды. Түрксіб ауданының тұрғындары "Радужный берег" тұрғын үй кешенінің 12 қабатында балконда тұрған қызғылт шашты қызды көргендерін жасырмады.
"Мен таңертең 6:30-да көлікті қыздыруға шыққанмын. 12 қабатта қызғылт шашты қыз тұрды. Мен оған қарағанымда ол тұрып тұрған, артынша отырды. Одан кейін біз үйге кіріп кеткенбіз, сыртқа шықсақ ол секіріп кетіпті",- деді тұрғындардың бірі.
Қалалық полиция департаменті аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, болған оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, полиция қайтыс болған қыздың 2002 жылы туылғанын айтты.
Бұған дейін Қарағанды облысында рельс жөндеп жатқан төрт теміржолшы пойыз астына түсіп, мерт болғанын жазғанбыз.