Бұл туралы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Көп ұзамай оқыс оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы жіберілгені хабарланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Уланғандар Алматыдағы медициналық мекемелердің қабылдау бөлімдерінде толық тексеруден өтіп, 10 бала ауруханаға, оның екеуі жансақтау бөліміне жатқызылды.
– 12 желтоқсандағы жағдай бойынша, екі науқас бала жансақтау бөлімінен бейінді бөлімге ауыстырылды.
Қалған балалар тексеруден өтіп, қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емге жіберілді.
Барлық науқас ем алуды жалғастырып жатыр және дәрігерлер бақылауында, – делінген хабарламада.
Кеше ғана Алматыда пойызда 52 адамның газдан уланғанын жазған едік.