Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 12 желтоқсанда сағат 17:00-де шетел валюталары бойынша кешкі сауда жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 522,24 теңге болды, бұл алдыңғы көрсеткіштен 2,02 теңгеге жоғары.
Еуроның орташа бағамы – 611,66 теңге (+2,4 теңге).
Ресей рублінің бағамы 6,55 теңгеге дейін төмендеді (-0,02 теңге).
Қытай юанінің таңғы саудадағы бағамы 74,10 теңге болды. (+0,44 теңге).
Валюта айырбастау пунктерінде:
- доллар 522,5ө524,6 теңгеден сатып алынады/сатылады;
- еуро 606-616,9 теңге;
- рубль 6,49-6,61 теңге аралығында.
Ұлттық банк 12 желтоқсан күні таңертең долларды 520,02 теңге, еуроны 608,79 теңге, рубльді 6,57 теңге деңгейінде белгілеген еді.