Бүгін, 12 желтоқсанда, Швейцарияның Давос қаласында шаңғы жарысынан Әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алғашқы жүлделер командалық спринт сайысында сарапқа салынады.
Ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан атынан екі командадан қатысады.
Жарыс жолына келесі дуэттер шығады: Әмірғали Мұратбеков / Виталий Пухкало, Ілияс Исабеков / Ернар Нұрсбеков, Анна Мельник / Ангелина Шурыга, Дарья Ряжко / Надежда Степашкина.