Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты станциясындағы кафеде газ баллоны жарылып, артынан өрт шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
ТЖМ күштері өртті оқшаулады. Ашық әрі қарқынды жалын салдарынан өртті сөндіру айтарлықтай қиындай түсті. Сондай-ақ шамамен 200 ш.м. аумақта шатыр құлап, үйінділерді аршу жұмыстары жүргізуге тура келген.
Сол арада өрт болған жерден кадрлар әлеуметтік желіде тарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от NEWS Karaganda-Ulytau (@newskor.krg)
Өрт толықтай 300 ш.м. аумақта сөндірілді. Газ баллоны жарылуының алдын ала себебі — газбен жабдықтау жүйелерін, оның ішінде тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптарының бұзылуы.
Нақты мәлімет бойынша оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, он бір адам аудандық ауруханаға медициналық көмек көрсету үшін жеткізілді.
Құтқарушылар зақымданған құрылымдарды тексеріп, қайта өртенудің алдын алу шараларын қабылдап жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз