Конго Демократиялық Республикасындағы қарулы қақтығыстан мыңдаған босқын Бурунди еліне бас сауғалап жатыр. БҰҰ-ның мәліметтеріне қарағанда қазірдің өзінде көрші мемлекетте 200 мыңға жуық қоныс аударушы бар.
Азаматтар далада түнеп жатыр. Азық-түлік қоры таусылуға шақ қалды. Өткен аптада Оңтүстік Киву провинциясында әскерилер мен тутси этникалық тобының мүддесін қорғайтын «23 наурыз қозғалысы» көтерілісшілері арасында қақтығыс қайта өршіді. Бір аптада аймақта кем дегенде 74 адам қаза тапты.