Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Отандасымыз алтын жүлдені ресейлік Исмаил Муцольговпен сарапқа салды. Жекпе-жек барысында отандасымыз белсенді қимыл көрсетуге тырысты. Қарсыласына көбірек соққы жұмсауға күш салды. Десе де ол қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Сәкен Бибосынов (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (71 келі) әлем чемпионы атанған еді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз