Сидней жағажайында Ханукиді тойлау кезінде атыс болып, адамдар жарақат алды, қаза тапқандар бар. Полиция мәліметінше, атыс жасаған күдіктілердің бірінің көзі жойылды.
Sydney Morning Herald басылымының хабарлауынша, 10 адам қаза тауып, 16 адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Оқиға орнына тікұшақтарды қоса алғанда 40-тан астам жедел медициналық көмек қызметі жіберілді.
Белгілі болғандай, шабуыл еврей қауымдастығы Бонди жағажайында Хануки мерекесін тойлау үшін жиналған кезде болған.
Оқиға орнына көлікпен келген екі ер адам көпшілікке оқ жаудырған.
News.com сайтының жергілікті полициядағы дереккөздерінің пікірінше, күдіктілер шабуылға бірнеше ай бойы дайындалған. Басылым мәліметіне сәйкес, тәртіп сақшылары шабуылдаушылардың бірін атып өлтірген, ал екіншісі оқ жарақатын алды.
"Бондидегі жағдай адамшошырлық, бұл – үлкен қайғы. Полиция мен төтенше жағдайлар қызметі адамдардың өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салып жатыр. Әр зардап шеккен адам оймынан кетпейді", — деді премьер-министр Энтони Албаниз.
Х әлеуметтік желісінде жергілікті полиция қаза тапқандар санына қатысты тың ақпарат беріп, қаза тапқан 10 адамның арасында атыс жасаушылардың бірі бар екенін хабарлады. Екінші күдіктінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Полиция өкілдері сонымен қатар шабуыл кезінде екі полиция қызметкерінің жарақат алғанын мәлімдеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз