112 қызметіне Талғар ауданы Башута шыңына шыққандар хабарласып, көмек сұраған.
1987 және 1997 жылы туған екі адам тауға көтеріліп, өздігінен төмен түсе алмаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құтқарушылар өтініш берушілерге жетіп, оларға төменге тау-шаңғы курортына дейін түсуге көмектесі.
ТЖМ тауға шықпас бұрын өз тәжірибеңіз бен физикалық мүмкіндіктеріңізді ескере отырып маршрутты жоспарлау қажеттігін еске салады.