Бұрынғы күйеуі құлағы мен мұрнын кесіп алған қырғызстандық келіншек Әсел Ногойбаеваның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасына дәрігерлер мұрны мен құлағын сақтап қала алмағанын жазды.
Алда ота күтіп тұр. Ал олардың саны қанша болатынын білмеймін. Бірақ мен біртіндеп өзіме келіп жатырмын. Өкінішке қарай, кесілген құлақ пен мұрынды сақтап қалу мүмкін болмады. Қайғылы жағдайдың алғашқы күндерінен бастап Бірінші ханым Айгүл Жапарова мені және отбасымды жан-жақты қолдады. Ол ресейлік дәрігерлермен келісіп, мені олардың қолына тапсырды. Дәрігерлерге мың алғыс! Осындай ауыр сынақта маған өзімнің халқым да демеу болып, алға ұмтылуға күш береді, – деп жазды Әсел Ногойбаева.
Айта кетейік, оқиға 2023 жылдың 20 қыркүйегінде орын алған. Әселдің бұрынғы күйеуі 10 жастағы ұлының көзінше, әйелін ұрып-соғып, құлағы мен мұрнын кесіп тастаған. Окулук аудандық соты Ногойбаеваға жасалған азаптау ісі бойынша үкім шығарды: бұрынғы күйеуі 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол жәбірленушіге 2 миллион сом көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.
Оқи отырыңздар:
- Мектептегі сыныптастар кездесуіне барған әйелді күйеуі атып тастады
- Биыл Абай облысында із-түзсіз жоғалған 151 адам табылды