Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан QAZAQ KÚRESI коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

«Қазақ күресі» – қазақ халқының дәстүрлі ұлттық күресі. Қос қарсылас еп пен төзімділік танытып, өзара күш сынасады. Бұл жекпе-жектің сан ғасырлық тарихы бар. Ол қазақ мәдениетінің маңызды бөлігі әрі спорттық мұрасы саналады, – деп түсіндірді Ұлттық банк.

Монеталар:

- алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925, массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – рrооf, номиналы – 1 000 теңгелік, дайындау таралымы – 2 000 (екі мың) дана;

Күмістен дайындалған монетаның бейнесі

- мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5 000 (бес мың) дана;

Мельхиордан дайындалған монетаның бейнесі

- нейзильбер (МНЦ 15-20) қоспасынан дайындалған, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, дайындау сапасы – uncirculated, номиналы 200 – теңгелік, таралымы – 50 000 (елу мың) дана.

Нейзильберден дайындалған монетаның бейнесі