Израиль армиясының Газа секторына кезекті шабуылынан «Al-Quds Al-Yawm» спутниктік телеарнасының фототілшісі Мутез Мохаммад Раджаб қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen .kz.

Осылайша, 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторында израильдік әскери әрекеттерден қаза тапқан журналистердің саны 221 адамға жеткен.

Айта кетейік, марқұм аймақтағы қарулы қақтығыстарды түсіріп, оқиғаның эпицентрінен ақпарат таратқан БАҚ өкілдерінің бірінен болған.