Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы мансабын "Ақтөбе" футбол клубында жалғастырмақ.
Александр Заруцкийдің "Ақтөбеге" ауысуы жаңа маусым алдындағы ерекше трансферлерінің бірі саналып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ASnews.kz сайтының жазуынша, 32 жастағы тәжірибелі қақпашы алматылық ұжымнан кеткен соң "қызыл-ақтармен" келісімшарт жасасқан. Ол енді алдағы 2 маусымда батыстық клубтың намысын қорғайды.
Бұған дейін Заруцкиймен семейлік "Елімай" клубының да белсенді келіссөз жүргізгені белгілі болды. Десе де, голкипер соңында "Ақтөбе" футбол клубының ұсынысын құп көрген.
Өткен маусымда Александр Заруцкий "Қайрат" сапында барлық турнирде 24 матч өткізген.
Рафаэль Уразбахтиннің жетекшілігімен "Қайрат" Қазақстан чемпионы болса, Суперкубокты жеңіп да алды. Сонымен қатар, Заруций клубтың УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуына атсалысты.