Шымкенттен Грузияға жаңа әуе бағыты ашылды, деп хабарлайды Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 15 желтоқсаннан бастап қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Шымкент – Тбилиси бағыты бойынша Грузияға жаңа әуе бағытын іске қосты.

Рейстер аптасына 2 рет – дүйсенбі және жұма күндері — Boeing 737 MAX 8 және Boeing 737–800 типті әуе кемелерімен орындалады.

Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтіліп отыр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз