«Ақылды» дрондар түнгі Шымкентті патрульдеуге көшті. Бұл қалалық полиция арсеналындағы жаңа заманауи құралдардың бірі. Дрондар қуатты жарық шамдармен, түнгі түсірілім камераларымен және дауыс зорайтқышымен жабдықталған. Полицейлер оның көмегімен қаланың қараңғы аумақтарына бақылау жүргізе бастады. Ұшу аппараттары құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, алдын алуға жәрдемін тигізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz


Осы дрондарды қолданғалы бері жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттары, қоғамдық орындардағы тәртіп бұзушылықтарды анықтау деректері бірнеше есеге артты. Сонымен қатар, дрондар құқық бұзушының көлігін қашықтан бақылап, экипаж жеткенге дейін оның қозғалыс бағытын қадағалай алады. Мұндай инновациялық жүйелер түнгі бақылауды күшейтіп, полицияның жедел әрекет етуіне мүмкіндік беріп отыр. Осылайша қалалық полиция департаменті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи технологияларды тиімді пайдалана бастады.

Мәселен учаскелік инспекторлар рейдтік іс-шара барысында пилотсыз ұшу аппаратымен ішінде есірткі заты бар түйіншектерді жасырын орынға қойып жүрген бір ер азаматты ұстады. Әуеден бақылау кезінде патрульдік камера күдіктінің кезекті ораманы жасырып жатқан сәтін түсіріп алған. Сөйтіп тәртіп сақшылары күдіктіні жедел құрықтайды.

Полицейлердің айтуынша, заманауи технологиялар құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және олардың жолын кесуге зор көмегін тигізіп жатқан ұқсайды. Соның нәтижесінде құқық қорғаушылар дрон көмегімен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жұмысын күшейте түскен.

ШЫМКЕНТ