ЮНЕСКО Бас директоры Халед әл-Анани хатында осы жоғары лауазымға тағайындалуымен арнайы құттықтағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 16 желтоқсанда Ақорда мәлімдеді.
"Халед әл-Анани Ұйымның білім, ғылым, мәдениет, коммуникация және ақпарат салаларындағы негізгі басымдықтарын жүзеге асыруға бейілдігін атап өтті",- делінген ақпаратта.
Сонымен қатар ЮНЕСКО Бас директоры ортақ құндылықтарды ілгерілету жолында Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін растады.
Бұған дейін мемлекет басшысының Чили Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтағанын жазғанбыз.