"Қазгидромет" синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мегаполистерде қар жауып, боран соғып, тұман түседі және көктайғақ болып, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астанадағы ауа райы
17 желтоқсан:
Аспан бұлтты, кей уақытта қар жауады, жаяу боран соғады, жолдарда көктайғақ болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, түнде және таңертең екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де –15…–17°С.
18 желтоқсан:
Аспан бұлтты, кей уақытта қар жауады, жаяу боран. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –15…–17°С, күндіз –11…–13°С.
19 желтоқсан:
Аспан бұлтты, күндіз қар жауады, жаяу боран. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –12…–14°С, күндіз –6…–8°С.
Алматыдағы ауа райы
17 желтоқсан:
Аспан бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Жел солтүстік-батыстан 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +3…+5°С.
18 желтоқсан:
Аспан бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде –3…–5°С, күндіз 0…+2°С.
19 желтоқсан:
Аспан бұлтты, кей уақытта қар жауады, жаяу боран, тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде –5…–7°С, күндіз –3…–5°С.
Шымкенттегі ауа райы
17 желтоқсан:
Аспан бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +3…+5°С.
18 желтоқсан:
Аспан бұлтты, қар жауады, күндіз қалың қар күтіледі. Жаяу боран, тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде де, күндіз де –3…–5°С.
19 желтоқсан:
Аспан бұлтты, қар жауады, жаяу боран. Тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде –5…–7°С, күндіз 0…+2°С.
Бұған дейін "Қазгидромет" 2025 жылғы 17 желтоқсанда Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның барлық 17 өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.