Астанаға 40-тан астам француз компаниясының жетекшілері келген. Қазақ-француз бизнес форумының нәтижесі бойынша 17 келісімге қол қойылды. Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының аясында Франция сыртқы сауда делегат-министрі Лоран Сен-Мартенмен және Франция Ұлттық ассамблеясы шетелдік істер жөніндегі комиссиясының президенті Бруно Фукспен, сондай-ақ EDF, SUEZ және Sanofi компанияларының жетекшілерімен кездесті. Энергетика, атом өнеркәсібі, денсаулық сақтау, фармацевтика, су ресурстарын басқару салаларында өзара ықпалдастықты дамыту жайы әңгіме өзегі болды. Былтыр Қазақстан мен Франция арасындағы сауда-саттық 31 пайызға өсіп, 5,5 миллиард долларға жеткен.
Шерхан Жамбылұлы