Астанада сәрсенбі, 17 желтоқсанда бірінші ауысымдағы оқушылардың бір бөлігі қашықтан оқиды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, мұндай шешімге ауа райының нашарлауы себеп болып отыр.

"2025 жылғы 17 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", — делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.

Айта кетсек, "Қазгидромет" бұған дейін сәрсенбі елордада қар аралас жаңбыр жауып, боран соғып, көктайғақ болатынын хабарлаған болатын. Жел екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада дауыл тұратыны ескертілді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз