Петропавлдан Шымкентке баратын рейстік автобустың бұзылуына байланысты жолаушылар қиын жағдайға тап болды.
ТЖМ қызметкерлері Астана–Көкшетау автожолында сынған автобустан 21 адамды дереу эвакуациялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жедел жеткен құтқарушылар барлық жолаушыларды эвакуациялап, оларды Көкшетау қаласындағы "Бейімдеу орталығы" жылыту пунктіне орналастырды.
Көлік құралы жөнделгеннен кейін жолаушылар жолын жалғастырады. Эвакуацияланғандар құтқарушыларға алғысын білдірді.